Ru|Kz
logo

Су құбырларын қатып қалудан қорғауға арналған жаңа үнемді CLIMATIQ PIPE шешімінің сатылымы басталды

Су құбырларын қатып қалудан қорғауға арналған жаңа үнемді CLIMATIQ PIPE шешімінің сатылымы басталғаны туралы қуана хабарлаймыз!

CLIMATIQ PIPE — монтаждауға толықтай дайын зауыттық жиынтық, оның жерге тұйықталған электр желісіне қосылуға арналған ыңғайлы штепсельдік ашасы бар.

CLIMATIQ PIPE сыртқы қабығы тағамдық полимерден жасалған, бұл қыздырғыш кабельді тіпті құбырдың ішіне орнатуға мүмкіндік береді!

Өздігінен реттелу (саморегуляция) технологиясының арқасында электр энергиясын минималды тұтынуға қол жеткізіледі.

Кабельді құбыр ішіне жылдам әрі ыңғайлы орналастыру және жүйенің герметикалығын сақтау үшін CLIMATIQ FITTING фитингін пайдаланыңыз.

Бұл тауарды келесі сілтеме арқылы өтіп сатып ала аласыз: CLIMATIQ PIPE